Ақтөбеге, Алматыға барсам кілең сары шашты қыздарды көремін. Орыс екен деп қаласың. Көзіне қарасам қаракөз қазақ қыздары. Шашын сарыға бояғанымен көзін көкке бояй алмаған. Қазіргі қазақ қыздары орыс әйелінің ролін ойнап жүрген әртіс сияқты. Тіпті қазақ жігіттері де шашын сарыға бояй бастапты. Өзгеге еліктеу о баста надандықтан бастау алған. Біз қазақ Ресейдің отары едік. Бізде …
Tags: Қазақ мәдениеті
Дінтану жақсы пән. Ал ҚАЗАҚТАНУ ше?
Тәуелсіз елміз. Осы сөздің мағынасына кім қаншалықты барады екен. Бүгінде тәуелсіздік туы желбірегелі жиырма бір жыл толғалы тұр. Бұл әрине дамушы ел үшін өте аз мерзім. Мен өзге мемлекеттердің тарихын саралай отырып еліміздің осы күнге дейін жеткен жетістігіне таңғалам. Осы бағыттан айнымай тек алға жүріп отырсақ көп ұзамай қауқарлы елдермен тереземіз тең болары анық. Ол …
Исламдағы еңбек этикасы
Кез келген қоғамның оның әлеуметтік қарым-қатынастарында көрініс табатын құндылықтар сатысы бар. Білек күшін қажет етер мал мен дән өсіру болсын, сол қара жұмысты жеңілдетер технологияларды даярлауға керек ой еңбегі болсын, мейлі, жан баулу сынды нәзік дүниелер болсын – еңбекті қажет етеді. Біле білген адамға өмір сүрудің өзі де – үлкен еңбек.
Еңбек – адамды қоршаған ортамен …
Бесікке жетер не бар?
Мына бір «памперс» деген пәле болды, — дейді ол ызаланып, баланың бұтын қарығаннан басқа түк пайдасы жоқ. Ана үйдегі келінге бесіктің пайдасын айта-айта шаршадым. Памперске әбден сеніп алған, менің айтқанымды құлағына ілмей жүр.
Қалампыр әже бұдан соң өздерінің жас кезінде бесікті қалай пайдаланғаны жөнінде жырқып айта бастады. Оның айтуынша, бесік деген – сәби үшін де, оның …
Қазақтың намысы қашан оянады?
Жүрсе ұрпағы, кіл жалаңаш,
Жанашыр жан құр қарамас.
Қызың құзға бара жатыр,
Есіңді жи жылдам, Алаш!
Әбу Хамза Жаһаншах
Иә, ес жиятын кез келсе де қазақтың намысы әлі ұйықтап жатыр. Қыз намысын ел намысына балаған халқымыздың қазіргі хәлі мүшкіл күйге түскендей. Олай деуіме себеп болып, қолыма қалам алдырған мәселе, талай жанды абыройының биіктігімен, инабаттылығымен, пәктігімен қайран қалдырған «қазақ қызы» …
Қазақ дене күресі немесе қазақ бессайысы
Бір қараған адамға менің жазып отырған мақаламының аты күлкілі де, оғаш көрінуі мүмкін. 20 мың жылдай ең үздік әлемдік технологияға ие болған халықтың ұрпақтарының бүгінгі күні басы бір жерге қосылмай, бағзы, яғни Серікбол Қондыбайша айтсақ: дейдейтүркілердің, бүткіл мұрасы әлемдік өркениеттен сызылып тасталып отыр.
Қобыланды жырында қырық құлаш Қызыл ер Қобыландыға неге аяғыммен күрес дейді? Осыған ой …
Қазақ математикалық фольклоры
Кез келген халықтың фольклорындағы өзіндік ерекшелігі сол халықтың өмірі әрі тұрмыс – тіршілігімен, қоғамдық және мәдени дамуымен тығыз байланыста екені дау тудырмайды. Қазіргі таңда әлі өз зерттеушісін күтіп жатқан фольклордың үлкен екі саласы бар: олар — математикалық және түрме фольклоры.
Фольклорды тар ауқымда ауызша шығармашылық деп қана алушылық ТМД мен ресей ғылымында кең орын алса, фольклорды …
Бұл Айдаһар қай Айдаһар?
Көре көре көсем боласың деуші еді қазақ. Ай, қайдам, біздің Қостанайда көз сүрінген қателерді көре-көре көсем болмақ түгілі, көзің үйреніп, керқамшы болған көтерем көліктей етің өліп кетеді. Қате шіркінің қанша арпалыссаң да, жеті басты жалмауыздай «жұмыртқасын жарып» шыға береді. Қош, бұл жолғы әңгіме әріп қатесінен де әрі болмақ.
Газет-журнал сататын дүңгіршікке әдеттегідей бас сұққам, «Абыз» деп …
Бесік – көненің қажетсіз қалдығы емес…
Қазіргі жан-жақты дамыған заманда адам қолданысы үшін әртүрлі заттар, техника, түрлі жиһаздар шығып жатыр. Оның ішінде сәбилерге арналған кеуеттер де жоқ емес. Бұл керуеттер атам қазақ пайдаланған бесікті әрі ысыруда. Көптеген жастар бесік баланың аяқ-қолын таңып, қысып жатады, сондықтан қимылы азайып, аурушаң болады деп, бесіктен бас тартып жатад. Егер бұл рас болса, ғасырлар бойы бесікке …
Өсетін бала өрге ұмтылады
Әсем ән – әрдайым адамзат жанын ғажайып әлемнің бесігінде әлдилейтін сырға толы сезімнің сұлу да сиқырлы сазы. Жер жүзіндегі тіршілік иесінің жансарайын сәулесімен жарқырататын әннің әрбір ырғағы көкіректегі көңіл теңізін тебірентіп, сезімнің тамырын тірілтетін құдіретке ие. Осынау таңғажайып өнерге ес білгеннен ғашық өнерлі өреннің бірі – Бектас Гилажов.
Қасиетті қазақ халқының тарихымен тамырлас, көшпенділердің салт-санасы мен …