Қайран, сөз сыйлаған, асыл сөзден маржан тізген дана халқымыз, айтар ойын, ақыл уағызын өлеңмен, жырмен жеткізіп, елінің жүрегіне жол таба білген. Елін өлеңмен жақсылыққа шақырып, өлеңмен жамандықтан тыйған екен. Өсиеті мен өнегесін де өлеңге өрнектеген. Халқын иманға, бірлікке шақырып, адамгершілікке үйреткен. Жер бетіне сәулесін шашқан Ислам дінінің де қазақ жеріне таралуына ең бірінші осы сөз …
Tags: Қазақстан
«Тәуелсіздік саған не берді, Сен тәуелсіздікке не бердің?»…
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт деп ойлаймыз. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. …