Қарғалар қасиеті

Жарнама

Ол ұшқалы өтіпті та­лай ғасыр…
Есенғали

Күзгі салқын түсті. Құстың көбі жы­лы жаққа қайтып жатқанда… қарғалар келді. Әлде ащы даусының кесірінен, әлде сыртқы тұрқының зар­пы­нан, әйтеуір көп адам қарғалар ту­ра­лы жағымсыз әсерде. Оны өзім де күні бүгінге дейін сүйкімсіз құсқа ба­лап, боққа құмар не­ме са­нап келгенмін. Бірақ мен би­ыл «Қарқылдаңдар қарғалар, сирақтарыңды ұрайын!..» деп өлеңдетіп ай­та ал­ма­дым. Өйткені…

Бұл дүниеде ешкім де, ешнәрсе де себепсіз һәм мақсатсыз жаратылмаған. Ол аз десеңіз он сегіз мың ғаламның бар­ша­сы адам үшін пай­да болған және адамға қызмет ету жо­лын­да тіршілік ке­шу­де. Соның бір айғағы ретінде құстар ту­ра­лы жалықпай айтуға бо­ла­ды. Құстар әлемі – жұмбақ жа­ра­ты­лыс. Кейбір құстар күні бүгінге дейін орнитологтардың өзін таңғалдыруда. Тіпті олардың бұрын кез­дес­пе­ген жаңа түрлері де та­бы­лып жа­тыр. Әлі шешілмей жатқан құпиясы қаншама, ол жағы Құдайға ғана аян. Жаңалық ашуға құмар ғалымдарға құс екеш құстың өзі Жаратушының құдіретін та­ны, со­ны зер­т­те дейтін секілді.  Жал­пы белгілі болған құс түрі бүгінде тоғыз мыңнан аса­ды. Қазақстанда құстың 493 түрі анықталған. Солардың ішінде тек қарғаға тоқталамыз. Қарға – торғайлар от­ря­ды­на жа­та­тын құс. Біздің елдің барлық аймағында кездеседі. Оның 6 ту­ы­сы, 13 түрі бар. Салмағы 1,5 кг-ға дейін жетеді…

Әлқисса, әуелі Құран-Кәрімге жүгінеміз. Қарға ту­ра­лы не дейді иллаһи кітапта? Әл-Мәида сүресінің 27-32-аят­та­рын­да нақты ба­ян­да­ла­ды. Бұл оқиға баршамызға мәлім. Қабыл мен Абыл – Адам-Атаның екі ұлы. Мұсылман аңыздарында айтылғандай, Қабыл үлкені, Абыл кішісі екен. Ағасы диқаншылықпен айналысқан, ал інісі мал бағуды кәсіп ет­кен. Екеуі Аллаға құрбандық әкелгенде Қабылдың са­па­сыз би­дайы қабыл бол­май, Абылдың семіз қошқары қабыл етіледі. Он­сыз да бірге туған сыңарын қызғанғаннан өшігіп жүрген ағасы інісін сол се­беп­тен өлтіреді. Бұл алғашқы кісі өлтіру қылмысы еді. Өлген қарғаны көміп жатқан қарғаны көргеннен соң адам­ды жер­леу дәстүрі қалыптасады. Сөйтіп қарға адамға алғашқы үлгісін көрсетті. «Қарға, қарға, қарғалар, Қар үстiнде жорғалар. Бо­ран соқса қар бо­лар, Бұтаға келiп қорғалар» де­ген өлең жол­да­ры бәлкім сол за­ман­дар­дан қалған шығар. Әйтеуір ес­те жоқ…

Енді қарға ту­ра­лы мақал-мәтелдер мен на­ным-сенімдерге кел­сек. Басқа халықтардың фольк­ло­ры мен эт­но­гра­фи­я­сы­нан мы­сал­дар келтіріп, әпсана-әңгімеледі тізіп шығып та­у­ы­са ал­мас­пын. Қарғаны кие тұтып, то­тем санаған ел қаншама, бұрын да болған, қазір де бар. Сөз жүйесін өзімізге бұрсақ… «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дейді. Бұл рас енді. Осының өзі үлкен өнеге. Адам­зат­ты татулыққа, бірлікке шақырып тұрғандай. «Қарға ба­ла­сын аппағым дер…» Бұл жер­де ананың ба­ла­сы­на де­ген мейірім-ма­хаб­ба­ты анық байқалады. «Күн қаңтарда қарға адым…» Басқа құстардың ады­мы атал­май, қарғаның ады­мы ұзындық өлшемі бо­лу себебі қыстың суықтығына бай­ла­ны­с­ты бол­са ке­рек. «Қарға та­мыр­лы қазақпыз» дейміз өзімізді. Мұнда да басқа құстың та­мы­ры аталмағанына қарағанда, қарғаның та­мы­ры тереңде екенін, ғасырлап жа­сай­ты­нын, тұқымы көп екенін ба­ба­ла­ры­мыз жақсы білгенге ұқсайды. «Есік ал­дын­да қарға қарқылдаса, қонақ келеді» де­ген ырым да бар. Қонақжай халыққа қарға құтты құс болғаны ма сон­да? Қазбалай бер­сек, әрине, көп екен…

Бәрін айт та бірін айт, қарғаның ерек­ше қабілетіне үлкен мән беруіміз ке­рек. Оның ақылы асқан, ой өрісі дамыған құс екеніне ғалымдар тәжірибе ба­ры­сын­да көз жеткізген. Ал қулығы адам­нан өтеді. Алай­да қарғаның қасиетіне кел­ген­де дәлелденбеген тұстары көп секілді. Олай дейтін себебіміз, құстар ара­сын­да алғашқы боп қарға «Ал­ла» деп сөйледі. Құдды на­маз оқып тұрғандай. Мұндай де­рек был­тыр Қарағандыда және Маңғыстауда тіркелді. Со­ны­мен қатар қарғаның ора­за ұстайтынын білесіз бе? Жаз ай­ла­рын­да, әсіресе 40 күн шілде болғанда, шіліңгір ыстықта 40 күн бойы нәр тат­пай­ды. Сон­да шөлдемейді ме деп ой­лап отырған бо­лар­сыз? Оның ама­лын өздері тапқан. Ора­за тұту кезінде олар өзен жағасын па­на­лай­ды. Ауыз­да­рын аңқита ашып қойып, ағып жатқан судың ылғалымен су­сын­дай­ды. Сөйтіп ашығу арқылы тұла бой­ы­на тазалық жа­сай­ды. Қарғалардың ұзақ өмір сүруінің (ша­ма­мен 300 жыл) құпиясы осын­да жат­са ке­рек. Кәрі тарихқа көз жіберетін болсақ, Мұса, Дәуіт, Иса, Мұхаммед пайғамбарлар, әйгілі адам­дар­дан Буд­да, Пи­фа­гор, Ган­ди­лар 40 күн бойы ашыққан. Бұлардың қатарына қарғаның қосылуы таңғаларлық жағдай емес пе? Өзге құстар түгіл, көп адамдарға қарағанда қарғаның има­ны кәміл деп ой­лай­мын. Құстар арасындағы Тәңірдің елшісі де осы қарға шығар.

Тағы да Құран-Кәрімге тоқталайық. Піл сүресінде айтылғандай, қалың әскер Қағбаны қиратуға ке­ле жатқанда ас­пан­ды қаптаған қара бұлт секілді құстар то­бы пай­да бо­ла­ды. Олар төбеден тас жа­у­ды­рып, жа­у­ды қырғынға ұшыратып, Қағбаны қорғап қалады. Бұл «Піл жы­лы» де­ген ат­пен белгілі 570 жы­лы болған оқиға. Тарихшылардың пай­ым­да­у­ын­ша әлгі топ-топ құс қарға екен. Бірақ бұл бол­жам ғана, аят­та қарға деп нақты айтылмаған. Ал­ла­ны зікір ететін, иманға бір та­бан жақын қарғаның Қағбаны қорғап қалуы мүмкін ғой. Қарғалар қасиеті жай­лы менің білетінім осы.

                                                                                                          Асыл­бек ЖАҢБЫРБАЙ

 

 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "Қарғалар қасиеті"

avatar
касымова анар
Қонақ

Алла разы болсын, осы макала авторына. Оте кызык дерек екен. Рас, кейде коп нарсеге ойланбай жатамыз, не ойлануга жалкауланамыз, өкінішті.Осындай макала арқылы бір адамды болсада жаратылыстарға қарап, Жаратушымызды тануға итермелегеніңіз үшін алғысымыз шексіз!

wpDiscuz