Ұрпағыңа жол көрсеткің келсе

Жарнама

Бүгін назарларыңызға бір ұлт түгілі, бүкіл адам­зат­ты аузы­на қаратқан данышпандардың тәрбие ту­ра­лы айқан ой — толғаныстарын ұсынамыз.

 1. Дұрыс тәрбие ала алмаған адам­ды қайта тәрбиелеу көп күш пен жігерді та­лап етеді.

 Я. Ко­мен­ский

2. Жақсы тәрбие бе­ру балаға тамақты шаш­пай ішуге үйретуде емес, дастарханға асын төгіп ал, алған адам­ды ыңғайсыз жағдайға қалдырмай, оны еле­ме­уге ба­у­лу­да.

А.Че­хов


3. Біреудің тәрбиесіздігін бетіне ба­сып, шу көтерген адамның, әлбетте, өзі де оңып тұрған жоқ.

Г.Ю. Це­зарь


4. Ұлыңызға адамшылық қағидаларын үйретпей, құр білім бе­рер болсаңыз, қоғамға қауіпті аң тәрбиелеп шығасыз.

Т. Руз­вельт


5. Қоғамның өркендеуі әр отбасындағы тәрбиеге бай­ла­ны­с­ты.

Джон Локк

 

6. Адам­ды Жа­ра­ту­шы жа­сап шығады. Бірақ оны да­мы­та­тын, не кері кетіретін тек қана қоғам.

В.Г. Бе­лин­ский

 

7. Балаңызды құр ти­ын­дар­мен тәрбиелегеннен гөрі, жақсылықты көрсетіп, соған ынтықтыру арқылы жолға қойыңыз.

Жан Жак Рус­со

 

8. Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол – кез кел­ген нәрседе үлгіні қажет етеді.

Се­не­ка


9. Өзің істемейтін нәрсені өзгеге таңба.

10. Ұрпағына жақсы тәрбие беретін адам өзін да­мы­тып, өркендетсін.

А.И. Ост­ро­гор­ский

11. Ба­ла­мыз­ды ал­ды­мен өзіміз үйретіп, жолға қоямыз. Жа­сы­мыз ұлғайғасын, ұлдарымыз кейбір нәрселерді үйрене бас­тай­ды.

 Я. Рай­нис


12. Ата-ана­ны дүниеге әкелетін – сәби.

С. Ежи Лец

 

13. Әр адамның қалыптасуына екі түрлі тәрбие әсер етеді. Біріншісі, қоғамның, айналаның, ата-ананың бер­ген тәрбиесі. Екіншісі және ең маңыздысы — әркімнің өз — өзіне беретін тәрбиесі.

Э. Гиб­бон


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz