Соңғы жылдары 14-ші ақпан күні — «Әулие Валентин» немесе «Ғашықтар мейрамы» ретінде тойланып жүргендігі ешкімге жасырын емес. Жастарымыз сауықшыл ма, әлде өзіміздің той-томалаққа әуестігімізден бе — әйтеуір жасөспірімдер арасында кеңінен қолдау тапқан осы бір күн қазақтың даласына жайылып, баласына ұнай бастады. Қайсыбір кездері оқу орындарында сезім білдірген хаттарды салатын арнайы жәшіктер күні бұрын ілініп, кәусар …

Бұдан мың жыл бұрын атақты Жүсіп Баласағұн өзінің «Құдатғу білік» атты кітабында: «Нәпсі деген – нәпсідүр, жанған отқа салардүр» деп жазады. Ғұламаның пікірін тарататып қарайық.
Жалпы нәпсі дегеніміз — адамның дене және жан қажеттерін, рухани талаптарын қанағаттандыруға бағытталған әуестену.
Тірі жанның қажеттілігі өте көп. Оның бәрі ақылмен және нәпсімен басқарылады да, егер ақыл нәпсіге билік құрса, ол …

Түсіндірме сөздікте «сәт» — ыңғайлы бір мезет, белгілі бір кез немесе істің қолайлы кезі, орайы деген мағынаны білдірсе, «сәттілік» сөзі ойдағыдай болған жетістік, сәті түскендік, орайы келгендік тәрізді мағынада жұмсалады. Сәтті қадам мен бірге сәтті адамдар болатынын сіз бен бізге тіршілік өзі дәлелдегендей.
Өмірге келген әр жанның жарық дүниенің төрт бұрышының бірінен өзіне лайық орын тауып, …

Ойтолғақ
Бас  көтертпес  бәсеке  кімге  керек?
Бақталастық, бақастық  қазір өмірдің барлық қойын-қолтығына кіріп, жан біткеннің бойын жаулап алған. Онсыз да қызу қанды қазақтың тынымын алып бітті.
Бәріне кінәлі -өзіміз. Бұқар жыраудың  «Бас-аяғың бай болып, бәсеке дәурен сүрген жұрт» деген сөзі дәл қазіргі заманға арналса керек. Олай демегенде ше? Тарихпен бірге қалыптасқан  ата салтымыздан аттап, сол бәскенің құлы …