Category: Үздік мақала

Сөзіңді түзе — әдетіңе айналады,
Әдетің — мінезіңе айналады.
Мінезің — сенің тағдырың.
 Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адамның мінез-құлығы адам өмірінде маңызды рөл атқара отырып оның өміріне толықтай әсер етеді. Мінез-құлығы жақсы қалыптасқан адам өз өмірін дұрыс жоспарлап өміріндегі барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып,  өмірінде туындаған қиыншылықтарға төтеп беріп алдына қойған мақсатына оңай жете алады.  Бұндай мінезге ие болған адамдар  қоғамдық құндылық …

Қазақтың ұлы жазушылары дегенде есімізге кімдер түседі?! Иә,  ең бірінші, А. Құнанбаев, М. Әуезов, Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев секілді ұлы, қазақтың ұлт болып қалыптасуына, ана тілімізді, ділімізді, дінімізді сақтап қалған, санамызды оятқан алып тұлғалар есімізге түседі. Әр ақынның, әр тұлғаның тарихта орны ерекше. Осы аты аталған ірі тұлғаларға кішігірім тоқталсақ… Біз ол кісілер жайлы …

Біз өзіміздің қандас бауырларымыз, қытайдағы қазақтар жайлы не білеміз? олар не себепті  көшті? Көшуіне не түрткі болды? деген сұрақтарға тарихпен ,дәлелдермен жауап іздеп көрелік…
Қазақ диаспорасы деген  – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, əуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан əрі дүние жүзіне тараған. Шет елде …

Еліміздің дамуы мен көркеюі, отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсаруы — ел экономикасының дамуымен тығыз байланысты. Экономиканың дамуы өз кезегінде ғылым мен техниканың дамуына тәуелді болып келеді. Ал ғылым мен техниканың дамуы жұмыс орындарындағы мамндардың даму деңгейлеріне тәуелді. Мысалы, Жапондық тайота, ниссан және т.б. компанияларда 5000 жұмысшы персонал жұмыс жасаған болса, оның 3000 адамы ғалымдар болып келеді екен. …

Таксис ағаның әңгімесі.
Ауа-райы мың құбылып тұрған жаңбырлы күндердің бірінде кезекті қабылдау түсті. Айтылған мекен-жайға барғанымда көлігіме орта жастағы әйел адам отырды. Әңгімесінен байқағаным колледжде директордың орынбасары, жұмыстан үйіне бара жатыр екен. Барар жеріне жеткізіп, үйінің қасына келгенімде бір емес қос бірдей көліктің тұрғанын көріп:
-Көліктеріңіз бар екен ғой?- деп сұрақты төтесінен қойдым. Әлгі әйел адам мақтанышпен:
— …

«Тірі тұрсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген ұстанымды ұстанған кешегі Алихан Бөкейхановтар бастаған Алаштықтарды кеңес үкіметі «халық жауы» деген жаламен қоса «жапон тыңшысы» деп те айыптағаны тарихтан белгілі.
Қарап тұрсақ, XIX ғасырдың соңы мен  XX ғасырдың басындағы Еуразия ке­ңіс­тігінде Батыстың экспансиясына ұшы­ра­маған бірден-бір ел Жапония мен Ресей патшалығының отары болып күй кешкен кең байтақ қазақ жерінің …

Кешегі қазақтың ежелгі мекені ұлы Дала, қазіргі Мәңгілік ел — Қазақстан шетсіз де шексіз. Алтайдан Каспийге дейін созыла сұлап, Батысы Сібір ойпаты, Шығысы Тянь-Шань тауларының теріскейін ала көсіліп жатқан осынау Ұлы даланың жері де Ұлы, тылсым терең тарихы да Ұлы, өскелең ұрпаққа деген Ұлағаты да Ұлы.
Бізге мұраға қалған ата қонысымыз жылдар бойы халқымызға қасірет әкелген …

Билер, пара жемеңдер,
Жанға бейнет кезбеңдер.
Кісі халқын алмаңдар,
Аузыңа пара салмаңдар.
Дүние жинап өткен жоқ,
Біздің бұрынғы Пайғамбар.
Сөз айтайын,үлкендер,
Құдайдан ғапіл өтпеңдер.
Әлің келсе Мекке бар,
Артық дәулет біткендер!
 Шортанбай Қанайұлы
«Ел болашағы – білімді ұрпақ қолында» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жыл санап білімді қазақ жастары қарқынды өсіп келеді. Қазіргі таңда шетелде білім алатын жастарымыз өте көп. Менің Қазақстанымда жастарға деген жағдай жақсы жасалынған. …

Қанша уақыт өтсе де, өңі, сыры кетпеген маңыздылығын жоймаған жауһар сөздер бүгін де әр қазақтың көкейінде бар. Түрлі жиын, орталарда әңгімесіне тұздық етері – Абайдың сөздері. Тіпті адам өзімен-өзі қалып, түрлі мәселеден түйін шығарғанда да Абайдан алшақтай қоймайды. Себебі дана бабамыз өмірдің түрлі салалары мен адам көкейіндегі түрлі психологиялық хәл-ахуалдарды дөп басып жеткізген. Алайда, хәкім …

Елімізде соңғы жылдары көп балалылар саны көбейіп, отбасын мазарға емес, базарға айналдырып
отырған жанұяларды көптеп көзіміз шалатын болды. Əрине, кең жазира даланы мекен еткен халық
үшін бұл қуанышты жағдай. Статистистикалық санақтарға жүгінсек, 2018 жылы Қазақстан халқының
саны 18 321 606 адамға жеткен болса, дəл қазір 18 468,900 адамнан асқан. Бұл еліміздегі ең ұлы
құндылық адам санының жылдан жылға өсіп …