«Тәуелсіздік саған не берді, Сен тәуелсіздікке не бердің?»…

Жарнама

Кез кел­ген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен бай­ла­ны­с­ты­ра­ды. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған за­ман ағымы, кезең ты­ны­сы бо­ла­ды. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бұйырған бақыт деп ой­лай­мыз. Ата-ба­ба­ла­ры­мыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ да­ла­сы ата-ба­ба­ла­ры­мыз ғасырлар бойы ар­ман ет­кен және сол жол­да зор құрбандықтарға ду­шар бо­лып, өз тәуелсіздігін жеңіп ал­ды. Білімді, са­у­ат­ты аза­мат­тар – бұл ХХІ ғасырда адам­зат дамуының негізгі қозғаушы күші. Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін та­ны­ту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл ту­ра­лы аға ұрпақ жастық жыл­дар­да ар­ман­дай ал­май­тын. Бүгінгі күн – та­лан­т­ты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және олар­ды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастардың уақыты. Бүгінгі таңда мем­ле­кет жас­тар үшін барлық жағдайды жа­сап отыр. “Жастық шақ — бұл та­ма­ша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс… ”, — де­ген екен Бер­нард Шоу. Тек оқу, күш — қуатыңды ая­мас­тан еңбек ету ке­рек, сон­да ғана ойлаған арманға же­ту­ге бо­ла­ды.

Кез кел­ген азаматтың өмірге қойған айқын мақсаты мен ар­ма­ны бо­ла­ды. Себебі ар­ман мен мақсат болашаққа жетелейді. Ата-бабабаларымыздың аңсап,  тәуелсіздік жо­лын­да күрескен ар­ма­ны орын­дал­ды-ау.

Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік ас­пан­нан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жо­лын­да еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жет­кен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің та­ри­хы­мыз­да өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, ба­тыр­лар, қарапайым халықтың өзі де жан­да­рын пи­да ет­кен. Тәуелсіздік де­ген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – сту­дент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін за­рдап ше­гу­ге дай­ын екендігін көрсете білуі бар­ша халыққа сенім мен жігер бер­ген бо­ла­тын. Со­ны­мен, жастардың  ой­ла­рын тыңдасақ:

Бақтықожа Орыс­ба­ев:- Сан  ғасырлар бойы армандаған би­ыл  тәуелсіздігімізге 20 жыл толмақшы. Та­рих та­ра­зы­сы­нан өлшесек бұл аз да емес, көп те емес. Кез-кел­ген жалындаған аза­мат жи­ыр­ма жас­та қалыптасады. 20 жасқа дейін негізгі ор­та мектепті аяқтап, жоғары оқу ор­ны­на түседі. Елін, жерін, от­ба­сын ой­лай­тын аза­мат бо­лып жетіледі. Біз өмірге тәуелсіздік алғаннан кейін келдік. Қазіргі уақытта жастарға барлық жағдай жасалған. Жастарға  берілген мүмкіндікті пай­да­ла­нып, оқып, білім алу­ы­мыз ке­рек. Тәуелсіздікті арқасында та­лай жетістікке жеттік. Ел­ба­сы­мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында  Қазақстан ат­ты ел бүкіл ше­тел­ге та­ныл­ды. Тіпті болашақта Қытай, Аме­ри­ка, Ре­сей секілді ал­па­у­ыт мем­ле­кет­ке де ай­на­луы мүмкін. Сондықтан тәуелсіздіктің қадірін түсінуіміз ке­рек. Қолдағы бар ал­тын­ды бағалауымыз қажет. Ендігі ке­зек­те қазақ қазақпен қазақша сөйлесіп, бірлікте, татулықта өмір сүруі қажет. Сон­да ғана біздерді ешқандай жау ала ал­май­ды. Болашақтағы ар­ма­ным әкім бо­лып, халықыма қызмет ету.

Сай­ра Юсу­по­ва:- Мен тәуелсіздікке бер­ген­нен қарағанда, тәуелсіздік маған көп нәрсе берді. Ең ба­с­ты­сы  ата — анам мені бейбітшілік за­ман­да дүниеге әкелді. Мен тәуелсіздіктің жарқыраған таңында жарық дүниенің еісігін ашқаным үшін бақытты ұрпақ екенімді түсінемін. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда біз не ішеміз, не киеміз, қайда ба­ра­мыз деп бас қатырмаймыз. Өйткені демократиялық қоғамда барлық жағдай жа­са­лып отыр. Осы­дан бірнеше ғасыр бұрын   Қозыбасы та­уы мен Шу өзені аралығында Ке­рей мен Жәнібек хан­дар бастаған үш жүздің тай­па­ла­ры өз хандықтарын құрып, та­рих сах­на­сын­да «қазақ» де­ген атау пай­да бол­ды. Ал­тай мен Аты­ра­у­ды, кең байтақ Сарыарқаны ме­кен ет­кен, қаны бір түркі тай­па­ла­ры бір-біріне тез үйреніп, ар мен на­мы­с­ты алға қойған халық бол­ды. Осы за­ман­нан бас­тап халқымыз та­лай жаугершілік соғыс күндерін бас­тан кеш­кен. Со­нау Тәуке ханның тұсында шығыстан ан­та­лап жоңғарлар, оңтүстіктен өзбек, қарақалпақ , солтүстік ба­тыс­тан башқұрттар, солтүстіктен Сібір ка­з­ак­та­ры ты­ныш жатқан халыққа күндіз күлкі, түнде ұйқы бер­ме­ген. Ел ара­сын­да Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Жауғашар, Қарасай сияқты ба­тыр тұлғалар ел ба­сы­на күн туғанда қалың қолын бас­тап, бейбіт өмір  жо­лын­да үлкен рөл атқарған.

Арай­лым Ка­ри­мо­ва:-Иә, Сай­ра сенің айтқан пікіріне  қосыламын. Бертін ке­ле XVIII ғасырда Ұлы империяға тәуелді бо­луы да халқымызға қиыншылықтан көз аш­тыр­ма­ды. Халықты қорғаймын деп өзіне бағынышты ет­кен империяның малдың ізінде жүріп көшпелі өмір сал­тын ұстанған, мо­мын халыққа көрсеткен қиындықтары да аз емес еді. Алай­да қазақ ты­ныш жатқан мо­мын халық болғанымен, бір-екі ша­лыс басқан қадамыңды кешірер-ау, бірақ тағы қайталап ша­мы­на ти­ер болсаң қылыштай ша­у­ып түсірер ай­ба­ты да жетерлік. Со­нау сақ за­ма­ны­нан қанына сіңген осы қасиеті халқымыздың тәуелсіздікке де­ген қадамына жол аш­ты. Осы кез­ден бас­тап ата-ба­ба­ла­ры­мыз егеменді ел бо­лу­ды аңсап, ұрпақтарының ешкімге тәуелсіз мем­ле­кет­те ту­ып, бейбіт өмір кеш­се екен деп ар­ман­дап кет­кен. Бірнеше жыл­дар бойы өзге ел­ге тәуелді болған еліміз қаншама қиындықты ба­сы­нан өткізді. Тәуелсіздік бізше еркіндігімен қымбат. Би­ыл менің қатарластарым ал­тын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам ба­са­ды.  Ал­ды­мыз­да сан та­рау жол мен өткел тұр. Біздердің деніміз сау, білімді  болсақ, барлық қамалды бұзып, биік мақсатқа же­те ала­мыз. Кәсіби заңгер  ма­ман иесі бо­лып, елімізде жемқорлыпен күресіп, қоғамда ақиқатты айтқым келеді

Айсұлу Нұрланқызы: Сай­ра сенің ой­ын­ды әрі қарай жалғастырғым келіп отыр. Біз небәрі жи­ыр­ма жастағы жас мем­ле­кет болсақтағы осы 20 жыл ішінде Азияның жол­ба­рыс­та­ры, Еуроодақ елдері, әлемнің дамыған азу­лы, ал­па­у­ыт елдері там­са­нып, қызыға қарайтындай біраз  ізгі істер атқардық. Әрине, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, елімде Тәуелсіздіктің ту­ын желбіреткен ел бастаған, ел қостаған, ел қалаған ел­ба­сы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында мұндай ауыз тол­ты­рып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Олардың қатарына Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрешілік етуіміз, Ис­лам кон­фе­рен­ци­я­сы Ұйымын басқаруымыз, Шан­хай Ынтымақтастық Ұйымында көрсетіп жатқан белсенділігіміз, Ал­ма­ты мен Ас­та­на қалаларымызда өткен 7 Қысқы Азия ойындарының бізде өтіп,   біздің жерлестеріміздің жет­кен ай­ту­лы жетістіктері. Мұның бәрі-бәрі бір күндік еңбектің емес, ай­лап, жыл­дап тер төккеннің, тал­май, тыңбай ,тек алға қарағанның ғана жемісі деп білемін. Бүгінгі бейбіт қоғамда өмір  алаңсыз өмір сүріп жатқанымыз киелі тәуелсіздігімізге  па­рыз­быз. «Чем­пи­он бо­лу қиын, ал оны сақтап қалу одан  да қиын» демекші, тәуелсіздік алдық деп қуана бер­мей, ендігі ке­зек­те  бостандықтың қадірін түсініп,  басқа ел­дер­ден қорғауымыз ке­рек.

Ер­бо­лат Бер­дау­ле­тов:- Жоғарыда сы­нып­тас­та­рым тәуелсіздікке еліміздің  қалай жеткенін ай­тып жа­тыр. Ал мен бол­сам өзім он бір жыл бойы білім алған ал­тын ұям мектебімнің жетістіктерін айтқым келеді. Осы­дан он үш жыл бұрын №6 ор­та мек­теп орыс қазақ ара­лас мек­теп бол­ды. Кейінен қазақ мектебі бо­лып ауы­с­ты­рыл­ды. Қазіргі таңда ана тілімде білім алып жатқаныма мақтанамын. Осы рет­те ұстаздар қауымына барлық  биылғы мек­теп бітірушілердің аты­нан  рахметімді ай­та­мын. Әсіресе, Дариға Ани­со­ва, Са­ра Са­те­но­ва, Әбдікәрім Аты­ра­уов, Гүлзада Қайнарбаева, Ай­ме­кен Балмағанбетова, Зей­нап Бек­жа­но­ва секілді ұстаздарға ерек­ше алғыс білдіреміз.

Талғат Қамысбаев:-Иә, ра­сын­да да тәуелсіздік бізге Отан, Жер, Тіл, Еркіндік берді.. Жақында Орал­хан Бөкей көркемсөз оқу қалалық сай­ы­сын­да бірінші орын­ды жеңіп ал­дым. Енді республикалық байқауға ат­та­нып ба­ра жа­тыр­мын. Жас­тай­мы­нан  өнерді сүйемін.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін қызығып оқимын. Ке­ле­шек­те өнер жо­лын таңдап, ше­тел­ге қазақ өнері арқылы танытқым келеді. Қасиетті Тәуелсіздік арқылы ту­ы­мыз бекітілді. әнұранмызы шырқалды. Ари­не ай­та бер­сек тәуелсіздіктің бізге бергені көп, қайта керісінше біз аз бер­ген сияқтымыз. Алай­да біз әлі жас­пыз, сондықтан алдағы уақытта еліміздің да­му­ы­на үлес қосамыз. Елімізді көркейту үшін аян­бай еңбек етеміз. Туған өлкеміздің кең байтақ Қазақстан екенін ес біліп, мек­теп табалдырығын аттаған сәттен- ақ  зердемізге түйіп, санамызға сіңіріп ке­ле жатқан ұрпақпыз. Халқымыздың жағдайын бүгіннен бас­тап ой­ла­ну­ы­мыз қажет. Біздер -егеменді еліміздің тізгінін ұстайтын жас­тар­мыз. Ел­ге, халыққа қызмет етіп, ке­ле­шек ұрпақтарымызға үлгі болғымыз кел­се, біздер әуелі өзіміз са­на­лы да тәрбиелі, білімді де жігерлі бо­лу­ы­мыз ке­рек. Сон­да ғана біз шын мәнінде нағыз жаңашыр аза­мат бо­ла ала­мыз. Қазіргі жастардың көбі жоғары білімді. Олар негізгі бағыттарын дінге, мәдениетке бұрып жа­тыр. Сондықтан жастарға өздерін нащақорлықтан, маскүнемдіктен бой­ла­рын аулақ ұстағандары дұрыс деп ой­лай­мын. Ел бо­лып, еңсеміз биік бол­сын де­сек, әуелі өз от­ба­сы­мыз­дан тәлім тәрбие алғанымыз жөн. «Менің елім, менің тағдырым»- деп ой­лай­тын әрбір аза­мат елінің болашақтағы тағдырын бүгіннен ой­ла­уы қажет. Себебі, біздер жас­тар егеменді еліміздің ертеңгі күні, болашақ тағдыры өзіміздің қолымызда екендігін ұмытпалық. Мәртебең асқақ, бақытың мәңгілік бол­сын деймін, туған елім.

Дариға Ани­со­ва  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:- Қазақстанның әлемдегі ба­рын­ша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі барлық ой­лар мен жос­пар­лар­ды қисынды қорытындысына жеткізетін де жас­тар болмақ. Жастардың білімдері, күш-жігерлері мен еңбектері күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенімім мол. Еркін ел­де өскен ұрпақтың ру­хы әрдайым биік бо­луы тиіс. Жас­та­ры жа­лын жүректі, өршіл на­мы­с­ты, биік рух­ты бол­са – ол елдің еңсесі де биік бо­ла­ды. Өршіл, на­мыс­шыл жас отан­шыл пат­ри­от келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет ету­ге ұмтылады. Мен қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беремін. Әр сабағымызда міндетті түрде тәуелсіздік ту­ра­лы ай­тып өтеміз. Ұстаз ретінде  ұлтжанды, елім деп еңіреп тұрған жас­тар­ды тәрбиелеу міндетіміз. Бүгінгі оқушылардың  пікірталасқа қатысып, ой­ла­рын еркін білдіріп отырғанның өзі тәуелсіздіктің арқасы. Кеңес Үкіметі кезінде «менің елім қазақ» деп ай­та ал­май­тын едік.  Ұстаздар қауымы тәуелсіздікке озық ой­лы жас­тар­ды тәрбиелеп бе­ру­де. Мен де, Мағжан Жұмабаев секілді, жастарға сенемін.

P.S. Қалың елім қазағымның жа­на­рын­да жа­нып тұрған оты бар жа­лын­ды, жігерлі жас­та­ры! Отан сүю — әрбір ет — жүрегі, қан — та­мы­ры қазақ деп соғатын қазақжанды, ел­жан­ды, ұлтжанды ұландардың баға жет­пес бо­ры­шы. Сондықтан, па­рыз­да­ры­мыз­ды асқақ абы­рой­мен, аса адал орын­дау арқылы ұлтымыздың іргетасын бірге нық тұрғызайық. Еңселі еліміздің ертеңі сендердің қолдарыңда. Қазақстанды биікке жетелеңіздер, жеткізіңіздер. Жарқын болашаққа  қадам ба­сып ке­ле жатқан халқымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жа­сай берсін!.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "«Тәуелсіздік саған не берді, Сен тәуелсіздікке не бердің?»…"

avatar
Ұлан
Қонақ
Бұл тақырыпқа жауап бермес бұрын, «Тәуелсіздік қалай келді?» деген сауалға жауап беру әрбір қазақтың міндетті. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, Бізге оны ешкім аяп бермеді. Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың, Тас көшеде тас -талқан боп өлгені.- демекші, Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ! Елдің Тәуелсіздігін мақтан еткен адам сол Тәуелсіздіктің тарихын жіті түсінуі тиіс.Алматыдағы 1986 ж 16 Желтоқсан көтерілісі халықтың, елдің, ұлттың Тәуелсіздігі жолындағы қиян-кескі шайқас, қасиетті көтеріліс! Тәуелсіздік жайлы сөз айтар бұрын әрбір адам Желтоқсан оқиғасын еске алу керек.Міне сонда ғана көтеріліске қатысқан батыр бабалар алдындағы қасиетті борышты өтедік деп есептуге болады.Ал бүгінгі күні ол туралы тек Көтеріліске қатысқан ата-аналар, аға-әпкелер ғана өкінішпен, көз жасымен сөз… Толық оқу »
wpDiscuz