Ислам банкингі – маркетингтік айла

Жарнама

Қазақстан банктерінің халықты қарызға белшесінен батырғаны бәрімізге белгілі  . Көптеген бо­рыш­кер­лер өз қарыздарын төлей ал­май, өздеріне қол жұмсауға дейін бар­ды. Шариғат үкімдеріне негізделген Ис­лам банкингін енгізуді қолдайтын адамдардың  сөзіне се­нетн болсақ, ол адамгершілік принціптеріне сүйенеді. Осы тұрғыдан қарағанда ипо­те­ка­ны мұсылман қаржыгерлерінен алған дұрыс па? Ас­та­на­да өткен Дүниежүзілік ис­лам экономикалық форумының (ВИ­ЭФ) қонағы, Малайзияның Ке­лан­тан шта­ты әкімшілігінің экономикалық мәселелер бой­ын­ша кеңесшісі Умар Иб­ра­хим Ва­дильо қазақстандықтарды мұндай қиялдан («май шел­пек­тен») сақтануға шақырады.

Ва­дильо мыр­за, бүгінгі таңда Қазақстандағы ипо­те­ка­лар әлемдегі ең қымбат ипотекалардың бірі бо­лып отыр. Бан­к­рот бо­лып, қарызға батқан адамдардың өз-өзіне қол жұмсап жатқан жағдайлары бар екені жа­сы­рын емес. Ис­лам банкингі мұндай келеңсіз жағдайларға жол бермейді деп ой­лай­мын.

— Өкінішке орай, қазіргі таңда «ис­лам банкингі» деп ата­лып жүрген банк жүйесінің исламға ешқандай қатысы жоқ. Ис­лам банктері адамгершілік құндылықтарды ұстанады және зай­ыр­лы банктердің ор­нын ал­ма­с­ты­ра­ды  дегеннің барлығы жалған сөз. Егер сіз олардың жұмыс істеу жүйесін мұқият зерттесеңіз олардың кәдімгі банк­тер­ден ешқандай айырмашылығы жоқ екеніне көз жеткізесіз. Жай ата­уы ғана басқаша. Сондықтан мұсылман елдеріндегі борышкерлердің жағдайы мәз емес. Адам­дар  ис­лам банктерінің қулығына   түсіп, өсім пай­ыз­да­рын төлейді. Ай­та кететін жайт, ис­лам банктерінің өсім пай­ыз­да­ры зай­ыр­лы банк­тер­ге қарағанда жоғары. Міне осын­дай па­ра­докс. Сол себепті жағдай одан да күрделірек бо­луы мүмкін.

— Қазақстанда адам­дар ипотекаға са­тып алған пәтерлеріне оның өз бағасынан 260 пай­ыз артық төлейді. Сон­да одан да жоғары пай­ыз бар болғаны ма?

— Егер сіздің еліңіздегі зай­ыр­лы банк­тер ипо­те­ка­ны 260 пай­ыз­бен беретін бол­са, ал ис­лам банктері ипо­те­ка­ны 280 пай­ыз­бен береді. Ис­лам банктері әрқашан қымбатырақ, себебі олардың опе­ра­ция ме­то­до­ло­ги­я­сы зай­ыр­лы банк­тер­ге қарағанда тиімсіздеу. Сондықтан олардың ка­пи­тал көлемі және кли­ен­т­тер ба­за­сы шағын. Егер сіз ин­тер­нет­тен ис­лам банкингі ту­ра­лы ағылшын тіліндегі мақалаларды іздесеңіз, бұл жүйені сы­най­тын көптеген пікірлерді көріп, жағаңызды ұстайсыз. Сон­дай-ақ ис­лам банкінің про­бле­ма­ла­ры ту­ра­лы та­ны­мал ғалымдар жазған.

 Қазір әлемде ис­лам қаржысының жетекшісі бо­лып отырған Ма­лай­зи­яда ғалымдар ис­лам банкингі өзінің дамуындағы жи­ыр­ма жыл ішінде банк сек­то­рын ешқандай жақсартпағанын ашық жа­зып жа­тыр. Ол тек мұсылмандарды зай­ыр­лы банк­тер­ден өздеріне тар­тып алу­дан басқа ешқандай табысқа жет­кен жоқ.

Ис­лам банкі дегеннің өзі қайдан шықты? Оның ба­сын­да банк бизнесіндегі тиімді, оңай пай­да­ны көздеген адам­дар бол­ды. Шындығында бұл  пай­да­лы биз­нес. Сөйтіп олар: «Егер біз бір банк құрып, оған ис­лам атын беріп, мұсылман клиенттерді өзімізге тартсақ қалай бо­ла­ды?»,-де­ген ой тас­та­ды. «Ис­лам банкі» атауындағы «Ис­лам» — маркетингтік ай­ла, исламның қасиетті атын пай­да­ла­нып мұсылман ка­пи­та­лын тартудың ама­лы. Тағы да бір дәлел. Ой­лап қараңызшы, неліктен Еуропаның барлық ірі банктерінде ис­лам фи­ли­ал­да­ры бар? Егер ис­лам банкингі басқаша принціптермен жұмыс істейтін бол­са не үшін олар ис­лам фи­ли­ал­да­рын ашуға қызығушылық та­ны­тып, құштар бо­лып отыр? Тағы бір айқын мы­сал — (ВИ­ЭФ бағдарламасын парақтап отыр) осы форумдағы баяндамашылардың бірі, англосаксондық есіміне қарағанда мұсылман емес. Міне ол ту­ра­лы не жазылғанын қараңыз. Ол шариғат қаржысының ардагері, сол саладағы тәжірибесі 30 жыл­дан ас­там. Міне осын­дай адам­дар ис­лам қаржысының жүйесін жа­сап отыр!

— Ис­лам банкингі Қазақстан нарығына еніп жа­тыр. Осы жөнінде не ай­та­сыз?

— Мұсылмандар ме­нен сұрайды: «ипо­те­ка­ны қайдан алғаным дұрыс, ис­лам банкінен бе әлде зай­ыр­лы банк­тен бе»,-деп, мен оларға ай­та­мын: қайда ар­зан бол­са сон­да бар. Басқаша айтқанда ал­ды­мен ис­лам банкіне бар, есеп­те, со­сын зай­ыр­лы бан­к­ке бар, есеп­теп көр, сон­да сен зай­ыр­лы банк тіпті ар­зан екеніне көз жеткізесің. Көптеген мұсылмандар ис­лам банктерін таңдайды. Себебі оның та­лап­та­ры бәрібір адамгершілікті, пай­ыз­да­ры төмен бо­ла­ды деп ой­лай­ды. Шындығына кел­ген­де зай­ыр­лы банк­тер ис­лам банктеріне қарағанда әлдеқайда ар­зан. Бұл Ма­лай­зи­яда барлығына белгілі. Ал кейбіреулер ис­лам банкі қымбат, бірақ ол қанша де­ген­мен ис­лам банкі ғой, ол ха­лал, ис­лам шариғатына сай ғой деп ай­та­ды. Мұның барлығы — бос сөз. Себеі оның бәрі — жалған.

Мен қарапайым қазақстандықтарды мұндай айлаға ал­да­нып қалмасын деп ескерткім келеді. Менің білуімше ВИ­ЭФ ая­сын­да толығымен бір сес­сия ис­лам банкингіне ар­на­луы қарастырылған. Өкінішке орай, мені осы сессияға ба­ян­да­ма­шы ретінде тіркемеді. Жал­пы көріністі бүлдірмесін дегені бо­лар. Алай­да мен бұл мәселе ту­ра­лы 2009 жы­лы ІІ Ас­та­на экономикалық фо­ру­мын­да сөйледім. Ша­ма­сы, мені сол кез­де сол сессияға қателесіп кіргізіп қойған бо­лар. Сол кез­де мен ис­лам қаржыгерлерінің ал­ды­на бірнеше мәселелерді көтерген бо­ла­тын­мын. Олар менің қойған сұрақтарыма жа­у­ап бе­ре ал­ма­ды. Қазақстандық тыңдаушылардың ре­ак­ци­я­сы қызу бол­ды, олар көп мәселеде менімен келісті. Сөз соңында ай­та­рым, бүгінгі таңдағы қаржы дағдарысының шешімі ис­лам банкингінде емес.

 Орыс­ша­дан аударылған. Бұлағы: http://megapolis.kz/art/Umar_Ibrahim_VADILO_Islamski


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz