Математиканы ұғу қиын ба?

Жарнама

 «Ма­те­ма­ти­кақиындеп бірінші рет ай­ты­лып тұрған жоқ. Бұған дейін та­лай талқыланған. Әркімдер ма­те­ма­ти­ка пәнін игерудің әр қалай  жол­да­ры мен әдістерін ұсынған. Қазіргі өмір ағыны, ғы-лым мен техниканың әр салаға бой­лап енуі ма­те­ма­ти­ка­ны білуді бұрынғыдан да қажет  етіп отыр. Ал ғалымдар математиканың ара­ла­су­ын­сыз өндіріс пен ғылым, тех­ни­ка және тұрмыс келешегін елес­те­ту қиын деседі. Осын­дай тұста (ғылыми-техникалық про­гресс за­ма­нын­да) бір сы­нып­та көп болғанда 5-6 оқушының ғана ма­те­ма­ти­ка есептерін дұрыс шығара алатындығы не­ме­се ма­те­ма­ти­ка­сы­нан «үркіп» жастардың көбінің инженерлік-техникалық жоғары оқу орын­да­ры­на бар­май­ты­ны шындық. Мұның әр жағында халық шаруашылығының жетекші са­ла­ла­ры­на білікті ма­ман­дар да­яр­лау про­бле­ма­сы жа­тыр. Жал­пы біз көпшілігіміздің ма­те­ма­ти­ка­ны жақсы білмеуімізден аз қиындық көріп, аз зи­ян шегіп жүрген жоқпыз. Бәлкім қазіргі бетбұрыс, тех­ни­ка кезеңінде ма­те­ма­ти­ка пәнін оқып-үйренуді басқаша, жаңаша құруымыз, жаңаша ұйымдастыруымыз ке­рек шығар. Мәселенің қиын түйіні, күрделілігі не­де? Оқулықта ма? Әлде оқытушы мен оқушыда ма? Міне, осы тақырып төңірегінде оқушылардың, ұстаздардың, әдіскер-мұға-лімдердің, бұған қатысты ғалымдар мен мамандардың және жал­пы жұртшылықтың ортақ іске жанашырлық та­ны­тып, ашық ой-пікір білдіретін, пай­да­лы ақыл-кеңес, ұсыныстар ай­та­тын әңгіме-пікірталас ұйымдастырғымыз келеді. Алғашқы  сөзді оқушылардың өздерінен тыңдасақ. Аталған тақырыптағы пікірталасқа Жаңаөзен қаласындағы №7 ор­та мектептің ма­те­ма­ти­ка пәнінен тереңдетіп оқитын 10 «А» сы­нып оқушылары қатысты.

 

Со­ны­мен, бүгінгі әңгіме-пікірталасты ма­те­ма­ти­ка пәні төңірегінде өрбітсек. Оны меңгерудің қиындығы, күрделілігі не­де деп ой­лай­сыз?

Қалдыбай Мұбашев: — Біздің ғасырымыз — тех­ни­ка ғасыры.  Ал­геб­ра, гео­мет­рия пәндері барлық уақытта ал­ды­мыз­дан шығады. Міне сондықтан, ма­те­ма­ти­ка­сыз өмір сүру қиын. Оқыған адамға ма­те­ма­ти­ка — оңай. Мен үшін көп қиындығы жоқ. Ең ба­с­ты­сы фор­му­ла­ны білу ке­рек деп ой­лай­мын.

Тұрар Сәулебай: — Кез-кел­ген пәнді қызығып оқу ке­рек. Мен есепті жақсы көремін. Ма­те­ма­ти-ка — өмірімізге қажетті, пай­да­лы да қызық пән. Өйткені болашақта жоғары оқу ор­ны­на түскенде, жұмысқа кіргенде ке­рек бо­ла­ры сөзсіз. Бар­ша мамандық иесіне математиканың ор­ны зор. Меніңше, формулалардың бәрін оқып, ес­те сақтасаң, ма­те­ма­ти­ка ең оңай пән бо­лып шығады. Оны кішкентай кезінен бас­тап мұқият оқу ке­рек. Көбісі білмей жас кезінде дұрыс оқымай, кейін өкінеді. Сондықтан қазірден бас­тап жақсы оқығанымыз дұрыс деп ой­лай­мын. Бүгінгі күн та­ла­бын­да ма­те­ма­ти­ка­ны білмей өмір сүру мүмкін емес.

Нұрила Есенгелді:  — Қазіргі за­ман­да ма­те­ма­ти­ка барлық мем­ле­кет­те ерек­ше ғылым бо­лып са­на­ла­ды.  Ма­те­ма­ти­ка — ол қай ел­де бол­ма­сын ма­те­ма­ти­ка. Математиканың  бір фор­му­ла­сы барлық ел­ге заңды-лық, ол өзгермейді, барлық жер­де ке­рек. Ғылымның оқыған адамға еш қиындығы жоқ. Мен қызығып оқимын. Бір есеп­ке қарасаң, қиын сияқты бо­лып көрінеді. Бірақ фор­му­ла­ны дұрыс білсең, есепті шыға-руға бо­ла­ды.  Есеп дұрыс шыққанда қуанасың.

— Бәрімізге белгілі, бас­та­у­ыш сы­нып­тар­да  арифметикалық білім беріледі. Бұл математиканың әліппесі іспетті ғой. Ал бірақ ал­геб­ра, гео­мет­рия басталған соң математиканың «ми­ды ашы­та­тын» жағдайы жиі  естіліп қалып жа­та­ды. Сон­да қалай ал­геб­ра оқулығында абстрактылық ұғым болғаны ма? Әлде мұның басқа бір сы­ры бар ма?

Ләйла Спа­но­ва: — Егер ма­те­ма­ти­ка­ны мек­теп­ке алғаш қадам жасағаннан бас­тап жан-тәніңмен оқып, мән-жай­ын түсініп алсаң ға-на ол — оңай әрі қызықты  бо­ла­ды. Өз ба­сым ма­те­ма­ти­ка­дан есепті шығарғанды ұнатамын. Әдебиетті оқып, өз  түсінігіңді ай­та аласың, ал  ма­те­ма­ти­ка­да нақтылық дәлел бо­лу ке­рек. Иә, жал­пы, жа­ра­ты­лыс-та­ну пәндері күрделі бо­лып келеді. Алай­да, ты­ры­сып көп оқудың арқа-сын­да жақсы нәтижеге қол жеткізуге бо­ла­ды.

Ма­рат Жылқыбаев: — Ой­лап отыр­сам, маған бірінші сы­нып­тан бас­тап жақсы оқу ке­рек еді. Қазір сы­нып­та өткен сабақты түсінуге ты­ры­са­мын. Ал үйде не­ше қайталап оқығаныммен ма­те­ма­ти­ка­ны түсінуім қиындау. Өйткені оқулықтың тілі ауыр, ұғу өте қиын. Со­сын «ма­те­ма­ти­ка тілін не­ге қазақтың қара сөзімен — жатық  тілмен жазбасқа не аудармасқа» де­ген ой ма­за­лай­ды. Осы жағына қатты на­зар ауда­рыл­са. Мен болашақта сәулетші болғым келеді. Үйдің жо­ба­сын сызғанда гео­мет-ри­я­ны білу ке­рек. Сол себепті ма­те­ма­ти­ка­ны жақсы оқуға ты­ры­са­мын.

Мараттың ой­ын орнықтыра  түссек, шы­нын­да да, ма­те­ма­ти-каның қиындығы мен оны тү-сінбеушіліктің бір ұшы  оқулық-тар­ды төл тілімізге аударғанда кетіп жа­та­тын олқылықтарда емес пе де­ген ой ту­а­ды. Тілі жа-тық та ұғынықты дүниені не­ге меңгеріп алмасқа? Жақсы тү-сінген есепті шығарудың қиын-дығы бол­ма­са ке­рек.

Әйкенай Егізбаева: — Ал­геб­ра және гео­мет­рия оқулықтарындағы кей тақырыптар  дұрыс аударылмаған. Сондықтан түсініксіз. Апай­ы­мыз ол тақырыптарды ба­рын­ша өзгертіп түсіндіреді. Мұға-лім бізге бәрін дәлелдеп береді. Кей кез­де есеп, мы­сал шығару арқылы ғана түсінеміз. Оқулықта тұрмыс жағдайына қатысты есеп­тер берілсе бізге әлдеқайда жеңіл бо­лар еді. Апайға рахметімізді ай­та­мыз. Ол кісінің біз үшін сіңірген еңбегі зор. Ма­те­ма­ти­ка сабағы қа-шан бо­ла­ды екен деп асыға күтіп оты­ра­мыз.

Ыс­ма­и­ыл Сағынбаев: — Ма-тематиканың қиындығы, меніңше, кітапта. Өйткені олардағы ере­же, анықтама мен те­о­ре­ма­лар өте күрделі  жазылған. Кей­де бірі тақырыптың мы­сал­да­ры бір бөлек те, есептері басқаша бо­лып келеді. Бір мы­сал­ды, не бол­ма­са түгел кітапты аударғанда қисапсыз қателер кетіп жат­са, он­да біз ма­те­ма­ти­ка­ны қалай меңгерміз?  Те­о­ре­ма­лар түсініксіз бо­лып келеді. Біз оны  мұғалімнің қысқаша  ай­ту­ы­мен ғана  түсінеміз. Ал жақсы түсінсең, ма­те­ма­ти­ка қиын емес.

Қайыржан Махмұтов: — Мен 10 «а» сы­ны­бы­на гим­на­зия мектебінен ауы­сып келдім. Ол мек­теп­те ма­те­ма­ти­ка оқулығы басқа бол­ды. Гим­на­зия мектебінде фи­зи­ка­дан тереңдетіп оқитын едік, ал №7 мек­теп­те ма­те­ма­ти­ка­дан тереңдетілген сы­нып­та оқимын. Ба­сын­да үйренісу қиын бол­ды. Бірақ, сыныптастарымның жақсылығынан тез игеріп кеттім. Ра­сын­да да ма­те­ма­ти­ка­ны түсінсең кез-кел­ген есепті шығара бересің. Үй тап­сыр­ма­сын да қиналмай орындайсың. Өкінішке орай, түсініксіз аудар­ма­лар кездеседі.

Кей­де ұстаздардың же­ке қасиетіне бай­ла­ны­с­ты бір пәнге шәкірт пікірі қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда қиын пән — ма­те­ма­ти­ка­ны иге­ру­ге өз мұғалімдеріңнің ықпалы қандай? Осы жөнінде ой өрбітсек.

Қалдыбай Мұбашев: — Мұғалім бол­ма­са, сен қанша рет оқы-ғаныңмен миыңа кіріп шықпайды ғой. Біздің ешқайсымыз  өмірге кел­ген­де ма­те­ма­тик бо­лып ту­ыл­май­ты­ны­мыз белгілі. Ма­те­та­ти­ка­ны ұғу және ұғындыру бар. Тілектес апай бізге көп нәрсені үйретті және ке­ле­шек­те үйрете береді де­ген ой­да­мыз.

Да­ми­ра Әбдірашева: — Осы сыныпқа мен №6 мек­теп­тен келдім. Ма­те­ма­ти­ка­да күрделі есепті шешсең, өзіңнің өмірінде күрделі бір істі шеш­кен­дей боласың. Тілек-тес апайға қызығамын. Ол  сабақты ын­та-жігерімен түсіндіреді. Апай әр баланың жан-дүниесіне терең үңіле біледі.

Әсел Ке­ме­жа­но­ва: — Оқыту-шының оқушыға пәнді түсіндіруде ықпалы зор. Мұғалім неғұрлым қатал та­лап қойса, оқушы да со-ғұрлым жақсы оқиды. Апайдың үйреткені тек­ке кетпейді, үй тап­сыр­ма­сын түгел орын­дай­мыз. Бағдарлама күрделі. Бір аптаның өзінде бірнеше сағат ал­геб­ра мен гео­мет­рия оқимыз. Әрине, қазір қиналғанымызбен, болашақта жемісін көретінімізге сенімдімін.

Тұрар Сәулебай: — Шы­ны ке­рек, Тілектес апай ма­те­ма­ти­ка­дан сабақ бер­ме­се, мен басқа мұғалімге үйренісе ал­май­тын шығармын. Себебі, апай бізді бесінші сы­нып­тан бас­тап оқытып ке­ле жа­тыр. Жүзі жарқын, бейнесі шы­рай­лы, жүрегі кең, дар­хан да жайсаң ұстаз. Мен   осы  орай­да бас­та-уыш сы­нып­та алғашқы төрт амал­ды санамызға мықтап сіңірген Ни­на Алпысбайқызы Шүйішова апайымыздың еңбегін ай­та кеткім келеді. Өйткені, егер Ни­на апай негізін сал­ма­са, біздің осы қиын пәннен тереңдетілген сы­нып бо-лу­ы­мыз екіталай еді. Негізімізге қарап таңдау бізге түсті деп ой­лай­мын. 9 «а» сы­ны­бы аты­нан  Тілектес апайға көп-көп алғыс ай­та­мын. Бізді он бірінші сыныпқа дейін апа­рып, ҰБТ-дан сүріндірмей өтікізіп, үлкен өмірге қанат қақтырып жіберетін шығар деп ой­лай­мын.

 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

2 Пікір на "Математиканы ұғу қиын ба?"

avatar
Жасулан
Қонақ

Окушыларга коп ауыртпалык салып жур гой

Амангелді
Қонақ

өте қайырлы, пайдалы істер алла разы болсын

wpDiscuz