Мұсылман көпестері

Жарнама

Са­у­да қатынастары әр уақытта да кез кел­ген мемлекеттің өркендеуінің маңызды құрамдас бөлігі бо­лып келеді. Ор­та ғасырларда ис­лам өркениетінің аумағында са­у­да оның са­я­си және экономикалық табыстарының негізгі фак­то­ры бол­ды. Одан да ба­с­ты­сы, алыс жер­лер­мен са­у­да жа­сау экономикалық, әлеуметтік және мәдени қатынастар жиынтығы бол­ды.

Өткен за­ман­дар­да алыс сапарларға шығып са­у­да жа­сау қауіп-қатерге то­лы еді; үлкен жолдардағы қарақшылардың өзі не­ге тұратын еді. Көне за­ман мен ор­та ғасыр саудагері – әмбебап бо­ла­тын. Әлсіз адам керуендерді ен да­ла, тау-тас арқылы не­ме­се кішігірім кемелерді теңіздер мен мұхиттар арқылы жүргізе ал­мас еді. Көпес аса шы­дам­ды, са­быр­лы бо­луы тиіс, ол батырлық пен ерліктің иесі бо­луы ке­рек. Ол тұйық және көреген, есепшіл (бірақ өте сараң емес) және сы­пайы бо­луы ке­рек. Шын­шыл және жо­март (бірақ бейберекетсіз емес) бо­луы ке­рек, до­ста­ры­на, серіктестеріне және тұтынушыларына ілтипатты бо­луы тиіс. Ол са­у­да әдебін сақтауы қажет. Ол өзгелердің мінез-құлқына, өзге халықтардың көзқарастарына, сенім-на­ным­да­ры­на және әдет-ғұрпына сабырлықпен қарауы ке­рек. Ол бірнеше тілді меңгеруі ке­рек. Ол білімді бо­луы ке­рек: оқи, жа­за және са­най білуі ке­рек. Сондықтан билеушілер көпестерге дипломатиялық тап­сыр­ма­лар­ды жиі тапсырған. Көпес – ол әскер. Ол ке­рек болған жағдайда қарақлышардан қорғану үшін әскери қаруды пай­да­ла­на білуі ке­рек. Бұлармен қоса, көпес дегеніміз – ол эт­но­граф, себебі ол өз ота­ны­на кел­ген­де алыстағы ел­дер мен халықтар ту­ра­лы әңгіме шертеді. Көпес ақылды, білімді, денсаулығы мықты, ауруларға төтеп бе­ре ала­тын, кли­мат өзгерістеріне шы­дам­ды жас ер адам бо­луы ке­рек. Жоғарыда айтылғандардың барлығы – көпес-саяхатшының негізгі си­пат­та­ры.

Көпес қасиеттерінің айырықша таңқалдырарлығы – ол оның же­ке еркіндігі. ІХ ғасырда Джа­хиз (атақты араб жа­зу­шы­сы) өзінің «Көпестерді мақтау және сұлтан қызметкерлерін дат­тау» ат­ты еңбегінде көпестің са­рай қызметкерлері мен ше­не­у­ни­к­тер­ге қарағанда моральдік жағынан үстемдігін атап көрсетеді. Өзінің са­у­да дүңгіршігінде көпес тақта отырған сұлтандай, ол ешкімнің ал­дын­да кемсініп, қорланбайды, ешкімнен қайыр-садақа тілемейді. Көпестер әртүрлі ғылымдарды тез меңгереді, алғыр бо­ла­ды. Ди­маш­ки өзінің «Са­у­да­ны дұрыс жа­сау кітабында» (Х ғ. аяғы – ХІ ғ. ба­сы) көпестің жинаған байлығы – ол оның ақылдылығы мен саналылығының куәсі дейді.

Ғалымдар са­у­да­ны ауылшаруашылық пен қолөнердің қатарында ең жақсы еңбек түрі дейді. Са­у­да са­я­хат­та­ры Құранда «Аллаһ рақымын іздеу» деп қарастырылады («…біреулер Аллаһ рақымын іздеп жер жүзін шар­лай­ды, ал біреулер Аллаһ жо­лын­да күреседі…» [73:20]). Аллаһ са­у­да жа­са­у­ды құптайды және оған шақырады. Қасиетті Құранның кейбір аят­та­ры ке­ме шаруашылығы жөнінде, са­у­да кемелеріне жо­лай жел­дер жөнінде сөз етеді.

Ғаламшарымыздың ең қасиетті қаласы және Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) туылған жері – Меккенің ис­лам пай­да болғанға дейін Араб жар­ты аралының ең ірі және көркейген са­у­да орталығы бо­луы кездейсоқ емес. «…Олар­ды өз жа­ны­мыз­дан, әр нәрсенің өнімдері несібе түрінде шоғырланатын, қастерлі де бейбіт бір жер­ге (Мек­ке­ге) орналастырмадық па?» [28:57]). Мек­ке­ден жы­лы­на екі рет түйе керуені кетіп тұрды: жаз­да солтүстікке, Сирияға, Палестинаға және Мысырға, ал қыста оңтүстікке, Йе­мен­ге. Кейбір кез­дер­де керуендегі түйелер са­ны 1000-ға жетіп отыр­ды. Та­рих­шы ат-Та­ба­ри пайғамбарымыздың за­ма­нын­да керуендегі түйе санының 2500-ге дейін жеткенін ай­та­ды. Бай­ла­ны­с­ты нығайту мақсатында меккелік керуенінің бас­шы­сы тез жүретін түйелермен Мек­ке­ге ха­бар­шы­лар­ды жиі жіберіп отырған. Сондықтан да құрайш ру­ын «көпестер руы» деп атауға негіз бар. Мек­ке тұрғындарының Та­иф жерінде «вил­ла­ла­ры» бол­са да, олардың егістік алқаптары мен ба­у­ла­ры болмаған. Меккеліктердің керуендерін жақын маңдағы тайпалардың бедуиндері күзетті.

Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) өмірбаянынан оның жас кезінде көпестің бай жесірі Хадишаның саудагері ретінде ке­ру­ен са­у­да­сы­мен айналысқанын білеміз. Со­ны­мен қатар, са­у­да­мен ұлы са­ха­ба­лар Әбу Бәкір, Омар, Ос­ман, Аб­д­рах­ман ибн Ауф, Тал­ха, Аб­дал­лах ибн Са’д, ‘Аб­бас ибн Абд ал-Мут­та­либ та айналысқан бо­ла­тын.

Ав­тор: Ер­лан Ілияс


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz